Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен Алатау ауданы «Әл-Азим» мешітінде «Құран – қос дүниенің нұры» атты Құран Кәрімнің алғашқы 10 парасының мағыналық аудармасынан жамағат арасында жарыс өтті.
Ақиқат ғылымның да білім мен танымның да асыл негіздері Құран Кәрімде жатқандығын ғалымдар дәлелдеген. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны үйреткендерің» деп қалдырған өсиетімен Құран жарысында белсенділік танытып, жүлделі орын алғандар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сайысқа Қазақстанның барлық облыс пен қалаларынан 150 сайыскер қатысты. Үміткерлердің ішінде жасы 70-ті алқымдаған ақсақал қарияларымыздан бастап, ең кішісі 16 жастағы жастар да қатысты. Жүлде қоры жобамен 2,5 миллион теңгені құрады.
«Құран – қос дүниенің нұры!» атты Құран Кәрімнің алғашқы 10 парасының мағыналық аудармасынан Құран топтарының арасында өткен жарыс жеңімпаздары:
1. Бас жүлде – Давлетов Ерқожа (кіші қажылыққа жолдама);
2. 1 орын – Дінәсіл Нұрғазы (Тоңазытқыш);
3. 2 орын – Күзембаев Думан (Кір машинасы);
4. 3 орын – Еркін Естай (Assel пеші);
5. 4 орын – Жұмабаев Нұрлан (Шаңсорғыш);
6. 5 орын – Амангелдин Мұрат (Газ плита);
7. 6 орын – Серғазиев Елдос (Шаңсорғыш);
8. 7 орын – Қабылбекұлы Махамбет (Діни кітаптар топтамасы);
Сонымен қатар, аталмыш сайысқа ұйымдастырған белсенді топ басшылары Әли-Әкбар Абдурашид ағамыз бен ең жасы үлкен Шеримов Қалдыбай ақсақал Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының арнайы Алғыс хатымен марапатталды.