Италиядағы колледждердің бірінде хиджабқа тыйым салынды

Италиядағы колледждердің бірінде хиджабқа тыйым салынды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Удине қаласындағы колледжде студент қыздарға хиджаб киюге тыйым салынды деп хабарлайды The Local.

Мұндай шешімге мекеме директоры Алдо Дури қауіпсіздік мақсатында барып отырғандығын айтқан. Өйткені, соңғы уақытта оқу орнында білім алатын мұсылмандарға сырттан да, іштен де шабуылдайтындардың қатары көбейіп кеткен көрінеді. "Мәселен, жуырда ғана Египеттен келген студент түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Оны өз тобында оқитын қатарластары ұрып тастаған" дейді ол.

Дуридің айтуынша, колледжде араб ұлтынан шыққан жастар көп. Олардың барлығы діни киім киіп жүрсе студенттер арасындағы теңдік жойылады дейді директор. Жалпы, тек ислам емес, кез-келген дінге тиесілі киімдерді киюге колледж қабырғасында тыйым салынбақ.

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: