Алматы қаласында ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімі мен «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің ұйымдастыруымен фиқһ пәнінен V республикалық медресеаралық олимпиада өтті.
Білім сайысына еліміздегі 9 медресе-колледжде оқитын шәкірттері қатысып, өзара жүзден жүйрікті анықтады. Медресеаралық олимпиада жеңімпаздарын ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы марапаттап, шәкірттерге батасын берді. Сондай-ақ олимпиаданың өтуіне атсалысқан «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің директоры Маханбет Құлмұханбетке және білім ордасы ұжымына алғысын білдірді. Бас жүлде иегеріне «Нұр-Мүбарак» университетіне тегін оқу гранты берілсе, қалған жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Ұмра қажылығына жолдама және қаржылай сыйлықтар табыс етілді.
Бас жүлде («Нұр-Мүбарак» университетіне тегін оқу гранты) – Темірлан Хакім («Шымкент» медресе-колледжі);
І орын (Ұмраға жолдама) – Назарбай Өтегенұлы («Астана» медресе-колледжі);
ІІ орын (100 мың теңге) – Темірлан Рахметуллин («Сарыағаш» медресе-колледжі);
ІІІ орын (75 мың теңге) – Айдын Сұлтанов («Орал» медресе колледжі).
I орын (150 мың теңге) – Момбек Мсахан («Шымкент» медресе-колледжі)
ІІ орын (100 мың теңге) – Мақсат Азаматұлы («Астана» медресе-колледжі);
ІІІ орын (50 мың теңге) – Бекзат Болатов («Ақтөбе» медресе-колледжі).
Бір күнге созылған білім додасында «Нұр-Мүбарак» университетінің оқытушысы, PhD докторы Ерғали Алпысбаев (төраға), ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің маманы Жаңабай Қожин және «Нұр-Мүбарак» университетінің оқытушысы Нұржан Смағұлов Нұржан төрелік жасады.
Айта кетейік, биылғы олимпиаданың ерекшелігі – 3-курс шәкірттері үшін араб тілінде өтуі. Бірінші кезеңде қатысушылар фикһ пәнінен тест тапсырса, екінші кезеңде араб тілінде берілген видеосұраққа жауап берді. Одан бөлек шәкірттерге берілген діни мәтінді оқып, оны аударып беру тапсырылды.