Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысына барған сапарында «Әнет баба» мешітінде өткен қайырымдылық акциясына қатысты.
«Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім бауырының қажетін өтесе, Алла оның қажетінде болады. Кімде-кім мұсылманның бір қайғысын сейілтсе, Алла оның қайғы-қасіреттерінің бірін сейілтеді», – деген. Алла Тағала игі іске үлес қосқан барша азаматтарға мол сауаптан жазсын» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.
Айта кетсек, қайырымдылық акциясы аясында 500 отбасыға азық-түлік қорапшалары таратылды.