«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – дейді қазақ. Иә, жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждардың талған өзегіне талғажау табу – халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет. Адам бар жерде тұрмыстық түйткілдердің тумауы мүмкін емес.
Осындай игі іс "Хати Сауранбайұлы" мешітінде ұйымдастырылып, 15 отбасыға азық-түлік және етпен қайырымдылық жасалды.
Көмек алғандар алғыс білдіріп, қуанып тарқасты.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі