Ұлтты ұйытырған ұлық мереке ораза айт күні әйел-қыздар секторының ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйытқы болуымен шәкірттер "Рамазан айт құтты болсын" атты дін мен дәстүр бағытында қоғамдық іс-шара өткізді.
Айт намазына келген жамағатқа дастархан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылды. Айт намазын оқып шыққан жамағат дастарханнан ауыз тиіп, айт мерекесін мешіттен бастады.
Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі