Қадір түні – күллі мұсылманның 83 жылдық сауаптан үміт етіп, Алла Тағаланың разылығын іздеп мешітке келетін ерекше уақыт. Барлық мешітте Құран хатым дұғасы жасалып, жамағат таңсәріге дейін құлшылық қылатын айрықша сәт.
Мешіттер лық толатын, мұсылмандардың бірлігін айқындайтын қасиетті түнде дін қызметкерлері, имамдарға артылар жүк те ауыр болатыны сөзсіз. Ауызашардан бастап сәресіге дейін тікесінен тік тұрып жамағатқа қызмет қылатын имамдарымыздың еңбегі ерен. Алла Тағала баршаңызға разы болып, Қадір түні жасаған ғибадат-құлшылықтарыңызды, дұға-тілектеріңізді қабыл етсін!
Биылғы Қадір түнін Қазақстан мешіттері қалай өткізді? Оқырман назарына фоторепортаж ұсынамыз.