АСТАНА: ҚАРИЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ (ФОТО)

АСТАНА: ҚАРИЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құранда «Мың айдан да қайырлы түн» деп ұлықталған Қадір түні елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Құран Хатым аяқталып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен дұға жасалған болатын. Мыңдаған жамағат қол жайып, Аллаға дұға еткен сауапты сәттен соң Рамазан бойы тарауық намаздарында имамдыққа шығып, жамағатты әуезді үнімен Құран сөзіне сусындатқан қариларымызға құрмет көрсетілді.

Айта кетейік, биыл «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі тарауық намазын өткізуге Республикалық Құран байқауының жас жеңімпаздары Қуаныш Нұрланұлы, Иманәлі Бейбітұлы және Дулат Болатбекұлы шақырылған болатын. Алланың сөзін жаттаған  жас қариларға Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы жамағат атынан ризашылық білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.

Сондай-ақ көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген қариларымызға қазақы дәстүрге сай шапан жабылып, ақсақалдың ақ батасы берілді.

 

Пікірлер (0)

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: