Исламшылдар ақыл-есі кем балаларды жанкешті лаңкес ретінде пайдаланған

Исламшылдар ақыл-есі кем балаларды жанкешті лаңкес ретінде пайдаланған

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

БҰҰ Босқындар мен балалардың құқықтары комитеті қараған Ирак жөніндегі баяндамада исламшылдар басып алған аймақтардағы кәмелетке толмаған балалардың тағдыры сөз болды, деп хабарлайды euronews.com.

«Біздің қолымызда исламшылдардың балаларды, әсіресе ақыл-есі кем жасөспірімдерді жанкешті лаңкес ретінде пайдаланғаны туралы деректер бар. Бейкүнә балалар айналада не болып жатқанын, өздерін алда не күтіп тұрғанын білмеген де шығар», - дейді Комитетке мүше 18 тәуелсіз сарапшының бірі Ренате Винер. Баяндаманы жасауға ол да атсалысқан екен. 

Жихадшылар адамның дүниетанымын өзгертіп, «жаңаша» ойлау қабілетін қалыптастыруға мықтап кіріскен сыңайлы. «Ислам мемлекеті» тобы өзінің астанасы деп жария еткен Сирияның Ракка қаласында тура көшеде алып экрандардан өлім жазасын көрсету қалыпты жағдайға айналған.

hibatulla.kz  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: