АҚШ-тың Ұлттық географиялық қоғамы 200-ге тарта мемлекетті нысанаға алып, әр елдің тұрғындарының суреттерін сарапқа салып, қазақстандықтарды ғаламшардың ең әдемi халқы деп таныған.
Сарапшылар Астана мен Алматыдан түсірілген 100-ге жуық фотосуретті назарға алған екен. Сонымен қатар ғаламтор арқылы бұл сауалнамаға қатысқан әлемнің 3000-ға жуық тұрғынының басым бөлігі қазақтарды ең сұлу ұлт деп тапты.
Зерттеу тобының төрағасы Даллес Скули: "Бұл – сирек кездесетін тәжірибе. Өйткені фотосуреттерді танымал желі Facebook-тегі қарапайым халық бағалады. Сондықтан да біз халықтың борандай ұйытқыған бағасының астында қалдық. Олардың бағалары да әртүрлі болып отырды. Бір суретті біреулері "тартымды", "жағымды" десе, енді біреулері тіпті "қатардағы", "жағымсыз" деп бағалап жатады" деп жауап беріпті.
Зерттеу бойынша 4,67 коэффициентті дауыс жинаған қазақтар көш бастап, 4,63 коэффициентпен бразилиялықтар екінші орынға жайғасқан. Одан кейінгі орындарды 4,11 коэффициентпен кубалықтар, 4,02 коэффициентпен итальялықтар, 4,02 коэффициентпен испандықтар бөліскен. Отандастарымыздың көркі Жаңа Гвинея тұрғындары мен Еуроодақ елдерін қатты тамсандырса керек. Азияның оңтүстік шығысындағы елдер де жерлестеріміздің әдемілігін мойындап, интернетке өз үндерін қосқан.
Қазақтың жеті ата ауыспай қыз алып, қыз беруге тыйым салған дала заңына бүкіл әлем таңдана, таңғала қарады.