Лос-Анджелес қаласының бір кезде синагога болған дінаралық орталығында ақ жаулықтыларға жұма намазын әйел адам оқытып жүр.
Алдымен азан шақырылады, содан соң ақ жаулықтылар Эдина Лекович есімді әйел имамға ұйып, жұма намазын оқиды, артынан оның уағызын тыңдайды. Содан кейін барып, өздерін толғандырған сауалдарын қояды. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты.
islam.kz