Либерия билігі Эбола безгегіне байланысты мектептердің ашылуын кейінге қалдырды. Олардың пікірінше, әзірге оқу орындары қауіпті вирустың таралуының алдын алу үшін жеткілікті жабдықталмаған.
Мектептерде қол жуатын хлорлы су тапшы. Айта кетейік, елде мектептер былтыр жазда жабылып қалған болатын. Батыс Африка елдеріндегі Эбола безгегінің таралуы бұл елдердің экономикалық жағдайын одан бетер құлдыратып жіберген.
Либерияда халықтың 73%-ының табысы 39%-ға төмендеп кеткен.
hibatulla.kz