Сауд Арабиясы тек ерлерге ғана арналған Олимпиада өткізуді ұсынды

Сауд Арабиясы тек ерлерге ғана арналған Олимпиада өткізуді ұсынды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясы тек ер азаматтар ғана қатыса алатын Олимпиада ойындарын өткізуді ұсынып отыр деп хабарлайды The Telegraph. 

Сауд Арабиясы бұл ұсынысты Халықаралық Олимпиада комитетіне Бахрейнмен бірге беретін болады. Олардың жоспарына сәйкес, қыздар спорттық жарыстарға ұлдардан бөлек, өзге стадионда қатысатын болады.


Ал, Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах болса мұндай ұсынысты қабыл алмайтындығын айтып отыр. Өйткені, адамдарды жынысына бөлу нәсілшілдікпен тең дейді ол.


Айта кетейік, 2012 жылға дейін Олимпиада ойындарына Сауд Арабиясынан тек ер азаматтар ғана қатысып келген. Өйткені, мемлекеттің заңы бойынша әйелдер ешқандай қоғамдық ойындарға қатыса алмайды. Ал, 2012 жылы Халықаралық Олимпиада комитетінің басшылары ел билігіне қысым көрсеткеннен кейін Сауд Арабиясының атынан Лондонға екі спортшы қыз келген болатын. 

hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: