Аллаға тән даналық

Аллаға тән даналық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бірде пайғамбарлардың (ғ.с.) бірі жағалауда «Алланың атымен!» деп ау салып балық аулап отырған бір адамды көреді, алайда оның ауына бірде бір балық ілікпейді. Одан ары жолын жалғастырған пайғамбар (ғ.с.) тағы бір балықшыны көреді. Бұл балықшы: «Шайтанның атымен!» деп ау салып отыр екен. Оның көп балық аулағаны сондай, ауға түскен балықтарды көтеруге шамасы жетпей қалады. Мұны көрген пайғамбар (ғ.с.): «Уа, Алла Тағала! Бұл не болып жатыр өзі? Бәрі Бір Сенің қолыңда емес пе?», - деп сұрайды.

Сонда Алла Тағала періштелерге: «Менің құлыма жаңағы екі адамның баратын орнын көрсетіңдер!» - деп бұйырады. Сонда пайғамбарға (ғ.с.),  Алланың қалауымен, «Алланың атымен!» деп айтқан адам үшін дайындалып қойған қайырлы орын мен «Шайтанның атымен!» деп айтқан адам үшін дайындалып қойған жексұрын орын көрсетіледі. Мұны көрген пайғамбар (ғ.с.): «Мен енді түсіндім, уа, Жаратушым!», - деген екен.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: