Наурыз – табиғаттың қайта түлеп, тіршілік атаулының жаңаратын кезі. Наурыз - түркі тайпаларының мүшел есебі бойынша жыл басы саналатын бірінші ай, ойын-сауық және наурыз көже жасау мерекесі.
Осы орайда, Меркі ауданы «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен ауданға қарасты мешіт имам-молдалары, ауыл әкімшілігі, халықты жұмыспен қамту қызметкерлері мен зағип жандарға арнайы «Наурыз көже» дастарханы жайылды.
Дастархан басында бас имам жиналған жамағатты Әз-Наурыз мерекесімен қасиетті Рамазан айымен құттықтап, ораза ұстаудың сауабы жайлы уағыз-насихат жүргізді.
Жиын соңында жиналған жамағат арасындағы ақсақалдар бас имамға өз ризалықтарын білдіріп, дұға жасасып тарқасты.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі