#Меркі ауданы: Жүніс молда» мешіті жанындағы асхана күрделі жөндеуден өтті

#Меркі ауданы: Жүніс молда» мешіті жанындағы асхана күрделі жөндеуден өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданына қарасты «Жүніс молда» мешітінің жанындағы асханасы іші мен сыртына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Жүніс молда» мешітінің имамы Қасымалиев Дастанның басшылығымен қасиетті Рамазан айының қарсаңында бірінші қолға алынған іс мешіт асханасын заман талабына сай күрделі жөндеуден өткізу еді.

Сол үшін кәсіпкер азаматтарымыздың басын біріктіріп, Алла разылығы үшін жөндеуден сәтті өткізді. Қазір асхананың сырты мен ауласы жаңаша түрленіп, көркейе түсті, ішкі және сыртқы қабырғалары заман талабына сай жаңартылды және жаңа дыбыс күшейткіштермен (колонка) жабдықталды.

Асхана халыққа қызмет көрсетуге дайын. 30 күн оразада ауызашар берем деушілер мешіт имамына жолығып, ұсыныс білдіре алады. Бос күндер шектеулі.

Мешіт имамы осы игі іс-шараға атсалысқан барлық азаматтарға Алла разы болсын деп ыстық лебізін білдірді.

Айта кетейік, Қасымалиев Дастанның ұйымдастыруымен «Жүніс молда» мешіті ғимараты мен мешіт дәретханасы толық жөндеуден өтіп, мешіт жанынан сауат ашу курсына арналған екі қабаттық ғимарат салынған болатын.

Алла Тағала имамдарымыздың істеп жатқан еңбектерін қабыл етіп, сауаптан жазғай!!!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: