Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық Әл-Хақ мешітінің әйел-қыздар жамағатының қатысуымен «Төрлет Әз-Наурыз» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға Әл-Хақ мешітінің имамы Сабырханов Үмбет қатысып, Дін мен дәстүрдің байланысы тақырыбында уағыз-насихат жасады.
Бұл мерекелік іс-шарада ұлттық дәстүрімізге айналған тұсаукесер рәсімі жасалып, әйел-қыздар қазақи дәстүрге сай киініп, салт-дәстүріміз дәріптелді. Сонымен қатар, ақ дастархан жайылып, наурыз көже берілді. Үмбет имам елдің игілігі үшін дұға қылды.
Қуаныш Тузелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі



15 Қараша 2026
4 Джумада-сани 1448

