Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы «Qazaqstan» ұлттық арнасының «Бас тақырып» бағдарламасына қатысып, оразаның мәні мен маңызы, Рамазан айының қадірі мен қасиеті жайлы арнайы сұхбат берді.
Белгілі тележурналист Саламат Омаш жүргізген бағдарламада Бас мүфти: «Рамазан – Алла Тағаланың мұсылмандарға берген ұлы сыйы, нығметі. Қасиеті мен шарапаты мол айда күнәларымыздан арылып, сауап жинауға, жан-дүниемізді тазартуға тырысқан абзал. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз үмбетін: «Бұл айда жәннат есіктері ашылады. Ораза тұтқан адамның алдыңғы және кейінгі күнәлары кешіріледі», – деп сүйіншілеген.
Аллаға ұнамды кез келген игі амалдың сауабы еселеніп жазылатын берекелі Рамазан айында жасайтын барлық ізгі істеріміздің жақсылығы еселене түссін деп тілеймін!» деді.