«ҚҰРАННЫҢ ҚАЗАҚША МАҒЫНАСЫ ЖӘНЕ ТҮСІНІГІ» КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ (ФОТО)

«ҚҰРАННЫҢ ҚАЗАҚША МАҒЫНАСЫ ЖӘНЕ ТҮСІНІГІ» КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғимаратында «Құран Кәрімнің қазақша мағынасы және түсінігі» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Игі іс-шараға қатысқан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Марқұм ғалым, аудармашы, ұстаз Абсаттар Сманов көп жылдар бойы қасиетті кітабымызды аударуға уақытын сарп етті. Ол Ғұламалар кеңесінің белсенді мүшесі ретінде мұсылман қауымының күнделікті тіршілігі мен құлшылығы үшін маңызды болған көптеген пәтуалардың шығуына үлес қосты. Қарбалас уақытына қарамастан артына мол рухани мұра қалдырды. Соның бірі қолдарыңыздағы «Құран Кәрімнің қазақша мағынасы және түсінігі» еңбегі. Алла Тағала Абсаттар Смановты өз мейіріміне бөлеп, діни саладағы еңбектеріне мол сауаптан жазғай. Әмин!» деді.


Айта кетсек, «Құран Кәрімнің қазақша мағынасы және түсінігі» кітабы 10 мың данамен шыққан. Оған Дін істері комитетінің дінтану сараптамасының және Қазақстан мұылмандары діни басқармасының дінтану сараптамасының оң қорытындысы берілген.

 

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: