Халқымыз кашан да кайырымдылықтан кенде болмаған, жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған. Бұл қасиет оның болмысының ажырағысыз құрамдас бөлігі болса керек. Ата-бабалардың игі дәстүрін ұрпақтары жалғастырып келеді.
Оның бір көрінісі ретінде кеше ғана Шу ауданы "Тоғай" мешітінде өткен қайырымдылық шарасын айтуға болады.
Мешіт имамы Жанат Сағитовтың мұрындық болуымен бір қой сойылып, 6 отбасына таратылып берілді. Көпшілік қуаныштарын жетекізіп, жақсылық үшін жақсы сөздерін жаудырды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі
>


03 Тамыз 2026
18 Сафар 1448

