Өткен жылдың қорытындысы бойынша, Сауд Арабиялық Насер Әл-Шамрани Азия құрлығының үздік футболшысы атанды. Мекке қаласында туылып-өскен Насер қазіргі уақытта «Әл-Хиляль» футбол клубында өнер көрсетеді.
«Сегодня» газетінің жазуы бойынша, Азия үздігі атағына таласта Насер БАӘ құрамасының жартылай қорғаушысы Ахмед пен катарлық Халфанды артқа тастаған көрінеді.
Былтырғы жылы Насер Азия чемпиондар лигасында қарсыластар қақпасына 10 гол соғып, сұрмергендер көшінде екінші орынды иеленген еді.