Оңтүстік Уэлс Университеті жүргізген зерттеуге сәйкес, маңызды нәрсені талқылау барысында келіспеушіліктен туындаған ашуды тежеу адамды мәселенің байыбына барғызбайды.
Мамандар эмоцияны тежеу сөйлесушілердің психикалық жағдайы мен оның өнімділігіне қалай әсер ететінін зерделеді. Зерттеуге 204 студент қатысқан.
Зерттеушілер ашуды тежеуге тырысу еріктілердің ақыл-ойына әсер етпегенін анықтады, деп хабарлады Meddaily. Алайда егер қатысушылар әңгімеге қатысты өз эмоциясын жасыруға тырысса, олардың мәселеге ден қоюы қиындай түскен.
Әңгімеге қатысы жоқ жағдайдан туындаған ашу мұндай әсер тудырмаған. Яғни, барлығы эмоцияны оятқан көзге байланысты.
Ғалымдардың пікірінше, мәселені талқыға салған кезде адамдар эмоцияны жасыру керек пе, жоқ па, соны ойланып алуы тиіс.
nur.kz