АҚШ әскері жұмыс барысында ұмра жасады

АҚШ әскері жұмыс барысында ұмра жасады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Америкалық әскерилер Шығыстың әртүрлі елдеріндегі әскери базаларда қызмет етеді, ал Сауд Арабиясындағы Ханзада Сұлтан әскери-әуе күштері базасының офицерлері жақында қызметті барысында қасиетті мешітке барып сүннетті орындау мүмкіндігіне ие болды.

«Мен Ханзада Сұлтан әуе күштерінің базасына келгеннен бері Мекке мен Мәдинаға баруды армандадым. Өмірінде бір рет болса да киелі жерлерге бару – әрбір мұсылманның арманы», - деді АҚШ әуе күштерінің капитаны Рашидуддин Шәкіров.  Басшылықтың рұқсатымен Шәкіров 9 әріптесімен: 7 ұшқыш, 2 сарбаз және армияның діни қызметкері Асней Кастеллимен бірге кіші қажылық жасап қайтты.

Әскери қызметшілерге кіші қажылықты өтеуге 4 күн уақыт берілді. Алдымен Меккені зиярат еткен америкалықтар Қағбаны 7 рет айналып, одан кейін Мәдинаға барды. «Бұл сапар бізді өте қызықты және рухани байытты», - деді Шәкіров өз эмоцияларымен бөлісті.

asyldin.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: