Меркель мұсылмандарды қорғады

Меркель мұсылмандарды қорғады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Германия басшысы Ангела Меркель бүгін ел парламентінде өткен жиында Париждегі болған жағдайға байланысты өз пікірін білдірді.  

Германия канцлері Ангела Меркель Бунденстагтегі (Германияның Парламенті) жиналыста алдымен Францияда қаза болғандарды еске алып, бір минут үнсіздік жариялады. Содан кейін Париждегі оқиғаны талқылады. Сондай-ақ Германия мен Франция арасындағы «шексіз ынтымақтастық» бар екенін ерекше атап өтті. Меркель еркін ойлы баспасөзде демократиялық қоғам және төзімдік аса маңызды дейді.

– Еуропалықтар болашақтағы түрлі жағдайларға қармастан тығырықтан шығудың ең тиімді жолын таба білді. Біздің төзімділігіміз дұрыс шешім қабылдауымызға себеп болды деп айта аламын, – дейді А. Меркель.

Германия канлецері сондай-ақ мұсылмандарды қолдайтынын жеткізді.

– Ислам – өзге діңдер секілді Германияда өмір сүретін болады. Бізде ешкімнің діни сеніміне қол сұғуға, кемсітуге жол берілмейді, – дейді ол. 

hibatulla.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: