Шу аудандық "Жәми" мешітінің әйелдер жамағаты дастархан басында бас қосты.
Ас басына жиналған нәзік жанды жамағатқа мешіт ұстазы Ләззат Маханбетова "Ілім алудағы әдеп және ұстазға құрмет" тақырыбында уағыз айтты.
Білікті ұстаз ілім алу әдебін жіліктеп түсіндіріп, ізгілік, парасаттылық, құрмет жайында мардымды насихат айтты.
Кеш соңында мешіттегі ақ жаулықты әжелеріміз өздерінің ақ баталарын беріп, шәкірттердің оқуда озат болуларын тіледі.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі