Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды.
Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. «Қайырымды жұма» атты ұранмен Тараз қаласы «Әулие ата» мешіті 200 адамға, «Ар Рахман Ар Рахим» мешіті 100 адамға және «Әбу Бәкір Ас Сыддық» мешіті 100 адамға азық-түлікпен көмек берді.
«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, іс-шараға ат салысқан бауырларымыздың барлығы аянбай қызмет етіп, әрбір мұқтаж жанға қол ұшын созды.
"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі