#Қордай: Қазақ қоғамындағы әйел мәртебесі талқыланды

#Қордай: Қазақ қоғамындағы әйел мәртебесі талқыланды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Қордай ауданыдық "Қордай" мешітінің ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен әйел-қыздар арасында "Қазақ қоғамындағы әйел мәртебесі" тақырыбында семинар өтті.

Семинарды қасиетті Құран Кәрім аяттарын оқумен Меруерт Қорабайқызы ашты. Іс-шараға Ардагерлер кеңесінің әйелдер бойынша төрайымы Молдабекова Маржан Қалибекқызы мен "Мейірім" ұйымының төрайымы Қаламқас Джумакадыровна, көмекшісі Альбина Тураровна қатысты.

Жиында жалпы әйел заты, оның қоғамдағы орны, міндеті, дәрежесі тілге тиек болды. Алланың әйел адамға берген мәртебесі Құраннан дәлел келтіре отырып ашықталды.

Көпшілік шарада әйел болудың бақытын сезініп, ұйымдастырушыларға алғысын айтты.

Қорай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: