Жамбыл облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде әр бейсенбі сайын әйелдер жамағатына семинар жүргізіліп келді.
Шарада өңірдің білікті ұстаздары насихат айтып, нәзік жанды жамағаттың білімі мен руханиятын көтеру үшін түрлі тақырыптарды жіліктеп, түсіндіріп беретін әсерлі уағызын айтады.
Бұл жолғы жиынға Жамбыл ауданы "Бәйдібек" мешітінің ұстазы, педагог Жайна Бекназарова арнайы келіп, әжелер, келіншектер, қыздар жамағатының көңілін тебірентті.
"Исламдағы әйел мәртебесі" тақырыбын айшықтап, мысалдар мен тарихтан, діннің келуінен және қазіргі замандағы болып жатқан оқиғалардан мысалдар келтірді. Алланың әйелдерге парыз еткен міндеттерінің мәнісін түсіндіріп, ой салды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла тарази" мешітінің баспасөз қызметі