Charlie Hebdo журналы Мұхаммед (а.с.) пайғамбар туралы карикатураларды жариялауды жалғастыратынын мәлімдеді

Charlie Hebdo журналы Мұхаммед (а.с.) пайғамбар туралы карикатураларды жариялауды жалғастыратынын мәлімдеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Франциялық Charlie Hebdo журналы жаңа номерінде Мұхаммед (а.с.) пайғамбар туралы, сонымен қатар дін мен саясат жайлы карикатураларды жариялауды жалғастыратынын айтты.  Бұл туралы журналдың қорғаушысы Ришар Малка хабарлады.

«Әрине, біз кері шегінбейміз, әйтпесе бұл еңбегіміздің еш мәнісі болмайды», – деп мәлімдеді Ришар, франциялық «France Info» радиостанциясының  эфирінде берген сұхбатында. Естеріңізге сала кетейік, журналдың жаңа саны 2015 жылдың 14 қаңтарында жарық көреді.

Басылымның қорғаушысы: «Je suis Charlie» (Мен Шарли Эбдомын)  журналы – рухани басылым. Дінді сынауға құқығымыз бар. Мұнда тұрған ештеңе жоқ», - дейді.

Әдетте журнал 60 мың  данамен басылып шығады, ал бұл жолғы жаңа номердің саны миллион дананы құрайды екен.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 7 қаңтарында «Charlie Hebdo»  сатиралық журналының редакциясына  екі лаңкес басып кіріп, редакцияның 12 қызметкерін өлтіріп кеткен болатын. Қаза тапқандардың сегізі журналист.

hibatulla.kz

Сайт материалын қолданғанда сілтеме көрсетуіңіз міндетті 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: