Италияның солтүстігінде орналасқан Падуя қаласының мэрі әрі "Солтүстік лига" партиясының мүшесі Массимо Битончи Падуя қаласында бір де бір мешіттің салынуына рұқсат бермейтінін мәлімдеді.
Бұл туралы мэр Массимо Битончи өзінің Твиттер әлеуметтік желісінде: «Жаңа мешіттердің ашылуына жол жоқ», - деп жазса, жергілікті басылымға берген сұхбастында:«Қалалық кеңес бұдан былай мешіттер мен мұсылмандар бірігіп отыратын қоғамдық орындардың салынуына жол бермейді», - деп хабарлады.
Қала басшысының мұндай мәлімдеме жасауына жақында ғана Париждегі Charlie Hebdo редакциясында болған лаңкестік оқиға себеп болып отыр.
Айта кетерлігі, Италиядағы конфессиялардың ішінде Ислам дінін ұстанушылар санының көптігі жағынан екінші орында тұр. Дегенмен, Италияда Ислам діні осы уақытқа дейін ұлттық деңгейде мойындалмаған. Бұл туралы Евромаг агенттігі хабарлайды.
Италияда 700 мешіт бар, ондағы мұылмандар саны 1 700 000 адамды құрап отыр.
hibatulla.kz
Сайт материалын қолданғанда сілтеме көрсетуіңіз міндетті