Шу қаласы "Төле би" мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлының ұйымдастыруымен кезекті айлық дастархан отырысы өтті.
Жиында қасиетті Мекке мен Мәдина жеріне сапар шегіп, аман-есен ұмра қажылығын өтеп келген мешіттің наиб имамв Ибрагим Жаналиев жамағатқа замзам суын тарту етті. Көпшілік қасиетті суды ішіп дұға жасады.
Ал Талғат имам "бауырмалдылық" жайлы әсерлі насихат айтып, көпшіліктің сұрақтарына жауап берді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі