Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.
Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» - деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?
Осыған орай, мектеп оқушыларымен "Отбасындағы тәрбие - саналы ұрпақ" тақырыбында рухани жүздесу өтті. Шу қалалық Гимназия мектебінде өткен жиынды "Далақайнар" мешітінің молдасы Дүйсенғали Көдебай жүргізді.
Имам жастарға отбасындағы тәрбиенің маңызы, ата-анасын сыйлау, бауырмалдық, отбасында берілген тәрбиенің өмірлік іргета екенін айтып жеткізді.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі