Мұхаммед пайғамбарды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) "Харам" мешітінен Ақса мешітіне дейін серуендеткен, Ақсадан жеті қат көкке көтерген. Осынау ұлы оқиғаның мазмұнын ашып, насихатын жеткізу үшін Ж.Жексенбай мешітінде жамағатқа уағыз жүргізілді.
Имам Шүкірәлі Бердібековтың ұйымдастыруымен қасиетті ай мен қасиетті Миғраж кеші жамағатпен бірге ерекше атап өтілді. Көпшілік намаз оқып, зікір-мінәжат етіп, және қоғамдық мәселелер туралы пікірлесті.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі