“Келешек-Тараз” ғылыми интеллектуалдық мектеп-лицей оқушыларына Тараз қаласының бас имамы Ержан Аманбаев «Ұрпақтың имандылық тәрбиесі - болашақ адаспаушылықтың кепілдігі» тақырыбында сөз сөйледі. Бабаларымыз ұстанған асыл дініміз - Исламда жас ұрпақтың санасына ізгіліктің дәнін сеуіп, жеткіншектерді атаның баласы емес, адамның баласы болуға баулу айрықша маңызға ие.
Ата-ананың ақысына байланысты бала көптеген міндеттерді атқаруы керек! Өзінің дәрменсіз кезінде от пен суға түсірмей баққан ата анасына опасыздық жасау Құранның пәрменіне қайшы келеді.
Құранда: «Біз адам баласына әке-шешесіне жақсылық жасауды кеңес бердік» (Лұқман сүресі, 14), - делінеді. Сондықтан әрбір саналы ұрпақ шамасы келгенінше ата-анасына қол ұшын беріп, тура жолда болса, болашағымыз жарқын болмақ керек.
"Әулие ата" мешітінің баспасөз қызметі