Р.Қадыров Ходорковскиді мұсылман қауымының қас жауы деп атады

Р.Қадыров Ходорковскиді мұсылман қауымының қас жауы деп атады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров ЮКОС-тың экс-басшысы Михаил Ходорковскиді мұсылман әлемінің қас жауы деп атады. Өйткені, күні кеше Ходорковский бүкіл әлем журналистерін Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын басылым беттерінде жариялауға шақырған еді. 

"Егер журналистердің өресі болса ертең олар басылым беттеріне Пайғамбардың карикатурасын жариялауы тиіс" деді Ходорковский өзінің "Твиттер" парақшасында. Бұл Париждегі лаңкестік оқиғадан кейін жазылған жазба еді.

Ал, Рамзан Қадыров болса көп ұзамай оның мәлімдемесіне жауап қайтарды. "Өзінің ақылы таяздығынан Ходорковский болашағының тамырына балта шапты. Ол өзін бүкіл мұсылман әлемінің жауы етіп жариялап отыр. Яғни, менің де ол қас жауым" деп жазды Қадыров "Инстаграм" парақшасында.

Айта кетейік, кеше Парижден шығатын Charlie Hebdo журналының редакциясына лаңкестік шабуыл жасалып, 12 адам қаза тапты. Олардың оны басылым қызметкерлері болса, екеуі полиция өкілі. Карикатуралық журнал бұған дейін Мұхаммед пайғамбардың әжуа суреттерін жариялаған болатын.  

hibatulla.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: