Пермь облысындағы Култаево ауылының тұрғыны Лейла Абдулазимова көпірден такси айдап өтіп бара жатып, бірдеңе дұрыс емес екенін байқаған. Мұсылман әйел жүргізушіден тоқтатуды сұрап, суда жатқан баланы көріп, оны құтқаруға асықты, деп хабарлайды RT.
Қыздың айтуынша, ол бір ғана нәрсені ойлаған: баланы қалай шығару керектігін. «Есікті ашсам, бала айқайлап жатыр. Мен сонда жүгірдім. Кез келген жағдайда баланы құтқару керек болды, эмоцияларға уақыт болмады», - деп еске алады Лейла.
Бұл кезде оқушының әкесі төтенше жағдай орнына жақындап үлгерген. Суға малынған баланы тез арада қолына беріп, үйіне алып кетті.
asyldin.kz