МЕШІТ ЖАСТАРЫ АРАСЫНДА ПІКІРТАЛАС САЙЫСЫ ӨТТІ

МЕШІТ ЖАСТАРЫ АРАСЫНДА ПІКІРТАЛАС САЙЫСЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Астана қаласындағы «Aqmeshit» мешітінде Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен «Ғаламтордың пайдасы және зияны» тақырыбында пікірталас сайысы өтті.

Сайысқа қаладағы 12 мешіт бойынша 12 үміткер қатысып, ғаламтор желісінің пайдасы мен зиянын талқыға салып, тұшымды ой-пікірлерін бөлісті.

Пікірталас сайысына Еуразия Ұлттық университеті Жастар департаментінің бас маманы Дәрібай Мұратбек Оңталапұлы, ҚМДБ Жастар ісі секторының меңгерушісі Әділет Көпен, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Тамирлан Ибраев және «Aqmeshit» мешітінің бас имамы Дәурен Муслимов  шақырылып, қатысушылардың арасынан үздігін таңдау төрелігі берілді.

Бас мүфти бастамасымен жарияланған «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ұйымдастырылып отырған пікірталас сайысының да басты мақсаты – елдің ертеңі болатын жастар бойына дұрыс білім сіңіріп, жақсы-жаманның жігін айыра алатын парасатты азамат болып қалыптасуына септігін тигізу. Сайысқа қатысушы үміткерлер де осы мақсат үддесінен табылып, көрермен жамағат алдында өз білімдері мен шешендік өнерлерін паш етті.

Сайыс қорытындысы бойынша қатысушылардың барлығына арнайы «Алғыс хат» табысталып, қаржылай сыйлықпен марапатталды. Қазылар алқасының шешімімен Әлібек Талғатұлы «Үздік спикер» деп танылды.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: