Мәскеу билігі ислам елдерінен келетін туристер ағынын арттырғысы келеді

Мәскеу билігі ислам елдерінен келетін туристер ағынын арттырғысы келеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мәскеу мэриясы ислам елдерінен, соның ішінде Парсы шығанағындағы ауқатты монархиялардан туристер ағынын арттыруға бағытталған шараларды әзірлеуде. Елордадағы туризм комитетінің басшысы Юлия Сюндюкова мұсылман туристерге қызмет көрсетуді жақсарту жоспарланып отырғанын айтты.

Оның айтуынша, елорда жақында Катарда өзінің туристік әлеуетін таныстырды. Мұндай роуд-шоулар көршілес елдерде де өткен. Бір немесе басқа бағытты таңдағанда, саяхаттаушы мұсылмандар, әсіресе, халал тағамның болуына назар аударады. Қонақ үй нөмірлерінде жайнамаздар мен діни әдебиеттердің болуы "дұрыс" болып табылады.

Сондықтан бұл сәттерді ескеру қажет, деп атап өтті Сюндюкова. Шенеунік мұсылмандар үшін туризмді дамыту елорданың басым бағыттарының бірі екенін баса айтты. Оның айтуынша, басқа елдерден келген ислам дінін ұстанушылар Қазан мен Шешенстанға гастрольдік сапарларға қызығушылық танытады.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: