Charlie Hebdo редакциясына лаңкестік шабуыл жасағандар анықталды

Charlie Hebdo редакциясына лаңкестік шабуыл жасағандар анықталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Франция полициясы "Шарли Эбдо" журналының редакциясына шабуыл жасаған күдіктілердің суретін жариялады. Бұл туралы Bnews.kz хабарлайды.

Полиция күдіктілер туралы қандай да бір ақпарат білетін куәгерлердің көмегіне үміттеніп отыр. Лаңкестікке қатысқан ағайынды Саид пен Шериф Кашиді тұтқынға алуға ордер берілді.

Ал тағы бір күдікті – 18 жасар Хамид Мурад полицияға өз еркімен берілген еді.

Естеріңізге салып өтсек, 7 қаңтар күні таңертең үш лаңкес "Шарли Эбдо" журналының редакциясы орналасқан кеңсеге баса-көктеп кіріп, оқ жаудырған еді. Салдарынан 12 адам құрбан болып, тағы 11-і түрлі жарақат алған.

Ал шабуыл жасағандар автокөлікке мініп оқиға орнынан ізін жасырып үлгерген. Алдын ала мәліметке сүйенсек, басты күдікті саналып отырған үш ер адам "Аль-Каида" немесе "Ислам мемлекетімен" байланысты топтарға жатуы мүмкін.

hibatulla.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: