Өткен аптаның соңында хакерлер Қырғызстан муфтиятының ресми сайтын бұғаттап алды. Бұл туралы Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы Асан Саипов мәлімдеді.
Арам ойлы хакерлер сайттың басқы бетіне қару ұстаған қыз баланың суретін жариялап, ағылшын тіліндегі мына жазбаны қалдырған: «Free Syrian. Free Palestina. Nothing is impossible» («Тәуелсіз Сирия, тәуелсіз Палестина. Мүмкін болмайтын ештеңе де жоқ!»).
Осы оқиғадан кейін бірден сайтты қайта қалпына келтіру жұмыстары жасалды. Осы шабуылдың артында «мемлекеттегі саясат пен діни сфераға наразы» адамдар тұруы мүмкін деген пікір де бар.
Қазір арнайы мамандар Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтына жасалған шабуылды кім және не себептері ұйымдастырғанын анықтап жатыр. Осы іске қатысты деркетер табылғаннан кейін елдегі прокуратура мен арнайы қызмет мекемелеріне арыз берілетін болады.
hibatulla.kz
Сайт материалын қолданғанда сілтеме көрсетуіңіз міндетті