Сауд Арабиясы эпицентрі Түркияның Кахраманмараш провинциясында болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмекке тағы бір ұшақ жіберді. Бұл туралы Сауд Арабиясының SPA ақпарат агенттігіне сілтеме жасап, aa.com.tr хабарлайды.
Эр-Рияд жер сілкінісінен зардап шеккен Түркия мен Сирия халқына қолдау көрсетуді жалғастыруда. Бортында 90 тонна гуманитарлық көмек бар ұшақ Король Халид халықаралық әуежайынан Түркияның Газиантеп қаласына көтерілді. Гуманитарлық көмек азық-түлік, дәрі-дәрмек, шатыр, көрпе, ұйықтау қаптары және т.б. Сауд Арабиясынан Түркия мен Сирияға гуманитарлық көмек жеткізген ұшақтардың саны 10-ға жетті.
Көмек король Салман бен Абдулазиз әл Сауд пен мұрагер ханзада Мұхаммед бин Салманның нұсқауына сәйкес іске қосылған әуе дәлізі аясында жеткізілуде. Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 35,4 мыңнан асты.
asyldin.kz