Жамбыл облысы Шу ауданы "Жәми" мешітінде өңірдегі әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен 4 отбасыға қайырымдылық көмегі көрсетілді.
Аталған 4 отбасыға мешіт ұстазы Лаззат Маханова ет үлестіріп беріп, береке тіледі.
Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей, адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.
Шу ауданы "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі


10 Қараша 2025
19 Джумада-авваль 1447

