Бүгін Тараз қаласы бойынша зілзала салдарынан зардап шеккендерге арнап 21 жүк көлігі (фура) жасақталып, бауырлас мемлекет Түркия еліне гуманитарлық көмек жөнелтілді.
Шаһар тұрғындары, мешіт қызметкерлері, белсенді жастар, қалаға жақын ауыл-аймақ барлығы бірлесіп, қап-қап түрлі азық-түлік, шаруашылық заттары, жылытуға арналған батареялар, жылы киімдер, киім-кешектің басқа да түрлері, одеяло, көрпе-жастық сынды қажеттіліктерді жинады.
Жүк көліктерді жолға шығарып салу үшін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Зекет және қайырымдылық қорының өкілі Ержан Аманбаев пен қала ақсақалдары, белсенді жастар жиналды.
Имам көмекке зәру болған адамдарға жәрдем аман-есен жетіп, сапардың сәтті болуын тіледі. Сонымен қатар көпшілік қол жайып, бауырлас елдердің амандығы үшін дұға жасады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі