Ислам діні бұл дүниеден мұсылман болып қайтқан кісілерге қажетті құрметті жасауды бұйырады. Өлген кісі өлді, кетті деп, қоймастан иман еткен бауырларымызға, ата-бабаларымызға дұға мен истиғфар (жарылқау) тілеуге болатынын хазіреті Пайғамбарымыз (ﷺ) үмметіне айтып кетті.
Осы мақсатта "Кеңесхан қажы" мешітінде әйелдер жамағаты Құран Кәрімді толықтай оқып шығып, хатым дұғасына жиналды.
Аталған мешіттің наиб имамы хатым дұғасын жасап, көпшілік бірлесе дұға етті. Түркия, Сирия елінде зілзаладан зардап шеккен халыққа Алланың жәрдемін тілеп, отбасыларымен қауыштыру сұралды. Қаза болғандарды Алладан мейіріміне ал деп дұға етілді.
Еліміздің, жеріміздің, халқымыздың амандығы үшін де дұға жасалып, жамағат имамның айтқан дұғасына ішпен әмин деп қол жайып Алладан сұрады.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі



18 Қаңтар 2026
29 Раджаб 1447

