Ердоған жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарды бір жыл ішінде қалпына келтіруге уәде берді

Ердоған жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарды бір жыл ішінде қалпына келтіруге уәде берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түркия билігі жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарды бір жылдың ішінде қалпына келтіруді көздеп отыр. Бұл туралы президент Режеп Тайып Ердоған 7 мыңнан астам адамның өмірін қиған жойқын жер сілкінісінің ошағына айналған Кахраманмараш қаласына сапары кезінде айтты.

«Брифинг жалғасуда. Біздің мақсатымыз – Кахраманмараш пен басқа тоғыз провинцияда бір жыл ішінде қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау. Біз азаматтарымыздың көшеде қалуына жол бере алмаймыз», - деп келтіреді Түркия басшысының сөзін TRT. Сондай-ақ Ердоған 10 провинциядағы зардап шеккен отбасыларға 10 мың түрік лирасы (530 доллар) төленетінін айтты. 6 ақпан күні таңертең Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,7 балдық жер сілкінісі болды. Ердоғанның айтуынша, бұл 1939 жылдан бергі ең жойқын болды.

Соңғы мәліметтер бойынша, құрбандар саны он екі мыңнан асады, 62 937 астам адам жарақат алды. Елде 12 ақпанға дейін ұлттық аза тұту жарияланды. Зардап шеккен 10 провинцияда үш айға төтенше жағдай жарияланды. 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: