Малайзиядағы мешіттердің бірінде мешіт басшылығы садақа жәшігіне салынған ерекше хат тауып алды. Путраджайядағы "Путра әл-Амин" мешітінің әкімшілігі әлеуметтік желіде 100 ринггит банкноты (шамамен 11 000 теңге) жапсырылған купюраның суретімен бөлісті, деп хабарлайды IslamNews The Sun Daily басылымына сілтеме жасап.
Жазбаның авторы мешітке келген кезде жүрегі айнып құсқан екен. Бала құсқан соң артын жинамай, дереу далаға шығып, мектепке кетіп қалғанын мойындап жазыпты. Баланың айтуынша, ол тамақтан уланған, мектепке асығып тұрғандықтан мешіттің еденін жуып үлгермеген. Ал әкесінің көлігі мешіттен шығатын жолды жауып тоқтаған екен.
«Әкем бұл ақшаны мен бүлдірген кірді тазалауға арналған жағымсыз жұмыстардың орнын толтырады деген үмітпен берді», - деп жазды оқушы. Хат соңында байланыс үшін телефон нөмірін қалдырыпты.
«Бұл баланың жүрегі қандай таза, ол қандай зейінді! Алла деніңізге саулық берсін, отбасыңызбен мешітке тезірек оралыңыз», - деді шын жүрекпен мешіт қызметкерлері жазба авторына.
asyldin.kz