Мысырдың тақтан тайдырылған басшысы Мұхаммед Мурси мен тағы 35 адамның соты 4 қаңтарға шегерілді, деп хабарлайды trt.net.tr.
Каир қаласында өткен сотта айыптаушы тарап сотталушылардың соңғы сөзін тыңдауды сұрады. Алайда сот делегациясы «Мурсиді түрмеге тікұшақпен түнде жеткізу қиынға соғады» деген сылтаумен сот отырысын 4 қаңтарға қалдырды.
Мурси мен 35 адамға «Хамас, Ливандағы Хизбуллах ұйымы және Иран төңкерісі қорғаушыларымен мемлекет мүддесіне қайшы келетін ынтымақтастық орнатты» деген айып тағылып отыр.
hibatulla.kz


28 Маусым 2026
12 Мухаррам 1448

