Британ графинясы сәнді киінетін мұсылман қыз-келіншектерді мақтады

Британ графинясы сәнді киінетін мұсылман қыз-келіншектерді мақтады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Британияның стильді әрі сәнді графинясы Софи ханым қазіргі кездегі мұсылман қыз-келіншектердің барлық дәстүрлі киімдері, оның ішінде никаб пен паранджа бүкіл денелерін жапса да, заман ағымына сай сәнді әрі тартымды киініп жүргендеріне риза болып, қолдайтынын айтты.  

«Мұсылман қыздардың әурет жерлерін жаба отырып, сәндік беталыстан қалмай келе жатқаны таңқаларлық және мақтайтын жағдай емес пе?! Осы арқылы өздерінің қарапайымдылығын сақтап келе жатқан олардың сәнді көрінуі айналасындағы адамдарға жағымды ой-пікір қалыптастырады», - дейді графиня Harper`s Bazaar  әйелдердің сән журналына берген сұхбатында.

Жақында ғана Софи ханым Виндзор сарайында мерекелік дастархан ұйымдастырып, Ислам сән фестивальінің  өкілдерімен арнайы кездескен болатын.  

Графиняның айтуынша, мұсылмандармен бірлесіп осындай мерекелік іс-шаралар өткізіп тұру арқылы қоғамды мұсылман әйелдері туралы жағымсыз пікірлерден арылтуға болады екен.

«Адамдардың көбісі хиджабтың, парнаджа мен никабтың астында бойларын күш-жігер мен мейірімділік билеген ғажайып жандардың бар екенін тіпті білмейді де. Өзіңді әдемі және стильді көрсету үшін барлық денеңді ашып жүру дұрыс емес», - дейді графиня Софи.

hibatulla.kz 

Сайт материалын қолданғанда сілтеме көрсетуіңіз міндетті

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: