Атақты голливудтық актер Лиам Нисон кезекті фильм түсірілімі кезінде Стамбул қаласында болып қайтқан соң, өзінің мұсылман болғысы келітінін жеткізді. Актер Түркиядағы кинотүсірілім кезінде орындаған ислами құлшылықтар көңіліне жағып, жүрегін ерекше сезімге бөлегенін де жасырмады.
«Намазға шақыру, яғни азан күніне 5 рет орындалады екен. Алғашқы күндері осы дауысты естіп, жынданып кете жаздаған едім, бірер күн өткен соң, азан менің жүрегімді жаулап алды. Бұл бір ғажап сезім», - дейді актер.
Айта кетерлігі, Нисон – Солтүстік Ирландиялық католик отбасынан шыққан.
«Стамбулда 4 000 астам мешіт бар екен. Олардың кейбіреуі тіптен керемет», - деп Түркия еліне сапарын еске алған Нисон, «Мен расында мұсылман болу туралы ойлана бастадым», - деді сөзін жалғастырып.
Голливудтың ерекше актеры Лиам Нисон бұрынырақ та: «Рухани күйзеліс кешіп, жаным қатты қалайтын бір Құдайды іздеймін», - деп мәлімдеген болатын.
Ол католик отбасында туылса да: «Барлық адамдар Құдай туралы көкейінде жүрген көптеген сұрақтарға жауап іздейді және «біз кімбіз?», «мына дүниеге не себепті келдік?» деген сауалға Исламнан ғана жауап таба алады деп ойлаймын. Өзім де Құдай туралы кітаптарды көп оқимын», - дейді Голливуд жұлдызы ағынан ақтарыла.
hibatulla.kz
Сайт материалын қолданғанда сілтеме көрсетуіңіз міндетті