Ресейдің Жоғарғы соты "Ислам мемлекеті" мен "Жәбһат әл-Нұсра майданы" исламдық топтарын террорлық ұйымдар деп таныды, деп хабарлады ВВС орыс қызметі дүйсенбіде.
Сот қаулысына сәйкес, топтардың қызметіне Ресей аумағында ресми түрде тыйым салынған. Қараша айында Жоғарғы сотқа бас прокуратурадан талап арызы келіп түскен, онда арызгер қос топты да террорлық деп тануды сұраған.
"Ислам мемлекеті" соңғы айлары Ирак пен Шамда белсенді соғыс әрекеттерін жүргізуде, оның содырлары ірі аумақтарды басып ала алды.
Жақында сириялық құқық қорғаушылар соңғы алты айда "Ислам мемлекеті" тобының содырлары Сирияда 2 мың шақты адамды атып, басын шауып, не таспен ұрып өлтіргенін хабарлады.
hibatulla.kz